АҚШ-тың планетологтары Mars Reconnaissance Orbiter орбитралды аппаратының көмегімен Марстың көне кратерлерінен шыны қиқымдарын тапты. Еңбек авторлары өздері жүргізген бұл зерттеу қорытындыларын Geology журналында жариялады.
Ғалымдар «қызыл планетадағы» бірнеше көне кратердің орындарында шыны қалдықтарының сақталып қалғанын байқаған. Солардың бірі Харгрейвс деп аталады. Нили аумағында орналасқан кратердің диаметрі 68 шақырым жерді алып жатыр. Осы аймақтағы жердің ылғалдылығы бір замандарда онда тіршілік болғанынан хабар беретін сияқты.
Оқымыстылар, сондай-ақ, шыны үлгілерінің де тіршілік ізін сақтап қалуы мүмкін екенін айтады. Олар тап осындай құбылысқа 2014 жылы Аргентинадағы көне кратердің орнынан табылған шыны үлгілерде органикалық молекула мен өсімдік материалына кезіккен кезде де тап болған екен. Ал кратерлердегі шынылар ғарыш денесінің планета жоғары қабатымен соқтығысу процесін жасайтын күшті қуаттың нәтижесінде пайда болады екен.
Қазір Харгрейвс кратері 2020 жылы баруы ықтимал жаңа Марс кемесі қонатын орын ретінде қарастырылып отыр.
Қайрат ҚҰЛЫМБЕТ.

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше