Маңғыстау облысындағы мектеп оқушыларын тасымалдайтын компания екі түрлі даудың ортасында қалып тұр. Бірі – бірнеше айлардан бері жалақы ала алмаған, оқушыларды тасу үшін жалданған автобус жүргізушілерінің шуы болса, екіншісі – осы уақытқа дейін ақша бөлмей, соның салдарынан жүргізушілерді бірнеше айлар бойы жалақысыз қалдыруға әкеліп соқтырған әкімдіктердің әрекеті.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін компания басшысы жергілікті атқарушы органдар ақшаны аудармағандығын айтады. Айтуынша, өңірдегі балалары тасымалданатын 5 ауыл әкімдігі бұларға 70 миллион теңге қарыз екен. Жүргізушілер компания басшысынан айлығын талап етсе, компания басшысы өз кезегінде қомақты қаржыны өтеуі үшін енді жергілікті шенділерді сотқа бермек.
6 мың оқушыны тасымалдайтын мекемеде 57 автобус жүргізушісі бар болса, олардың кейбірі 7 айдан бері жалақы алмаған. Жүргізушілерді көлігімен бірге жалдап отырған мекеме жалақы төлеуден жалтармағанмен, қаржы таба алмай дағдаруда.
– Өмірзақ елді мекені – 5 миллион, Мұнайлыдағы Атамекен – 22-23 миллион, Басқұдық – 11 миллион 900 мың, Ақшұқыр – 33 миллион, Сайын ауылы 7 миллиондай қарыз, дейді көлік компаниясының директоры Мұхтар Қатарбаев. Оның айтуынша, ауылдардың арасында оқу жылы басталғалы бір тиын төлемегендер де бар. Әкімдері оның себебін түсіндіруді сұрап жазған хатқа жауап та бермеген.
Компания басшылығы әкімдер үстінен сотқа арыздануда. Ал жүргізушілер жоғарыға жолдаған арыздарынан нәтиже болмаса, әкімдік алдына барып, наразылық шеруін өткізуге бел байлап отыр.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше