Қостанайда «Мерейлі отбасы» байқауының «Парасатты отбасы», «Әулет», «Мерейлі отбасы» аталымдары бойынша өңірлік сатысының жеңімпаздары анықталды.
Осыған дейін байқау облыс аудандары мен қалаларында өткен болатын. Аудандық сатыдан жеңімпаз атанған отбасылар облыстық деңгейде бақ сынасты. «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов былай деді:
– Отбасы – әр адам өміріндегі ең жоғары құндылық. Адам бойындағы нәзік, мейірімділік сезімдері отбасында қалыптасады.
Байқаудың «Парасатты отбасы» аталымы бойынша Алма мен Сүгірбай Нұрмановтар отбасы жеңімпаз атанды. Арқалық қаласында тұратын олар 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр, 4 немере сүйді. Отбасында тәрбие адамгершілікке негізделген, балалары еңбекпен өсті.
Ал «Әулет» аталымы бойынша Василий мен Галина Гортқа құрмет көрсетілді. Бұл отбасын достары, көршілері, туыстары электрслесарьлар әулеті деп атайды. Горттар отбасы 7 бала тәрбиелеп өсірді, олардан 12 немере сүйіп отыр.
– Әрине, бала өсіру оңай шаруа емес. Ең бастысы, перзентіңді жақсы көру керек, бірақ қатты ұстаған жөн. Біз күйеуіміз екеуміз училищені бірге бітірдік, мамандығымыз электр слесары болды. Мен бала тәрбиесімен айналыстым, әкесі жұмыс істеді. Екі ұл әкесінің ізімен келеді. Бір немерем де электр слесары мамандығын қалады. Алдымен балалар әкесінен үйреніп еді, енді, ол балаларынан үйренеді, – деді Галина Горт.
Байқаудың ең басты аталымы – «Мерейлі отбасының» жеңімпазы болып Нұрлан мен Гүлжауһар Төлегеновтер аталды. Олар конкурстың республикалық сатысында Қостанай облысының намысын қорғайтын болады. Бақытты жұп үлкен отбасы болуды армандайтын. Сөйтіп, өз қызының сыртында тағы да 8 баланы өз қамқорлығына алды. Қазір 5 қыз, үш ұл өсіріп отыр. Гүлжауһар – мұғалім, Нұрлан – жүргізуші болып істейді. Олардың балаға деген махаббаты отбасын нұрландырып жіберді. Төлегеновтерді бүгінде бүкіл облыс таниды. Оларға Қостанай ауданының орталығы Затобол поселкесінен үй салып берді. Оның алғашқы іргетасын қалауға аудан мұғалімдері бастама көтеріп, қаржы жинаған болатын. Биыл облыстағы барлық этномәдени орталықтары жинаған қаржы үйдің құрылысын түгел аяқтауға мүмкіндік берді.
Нұрлан мен Гүлжауһар отбасындағы мейірім мен шуақтың алмайтын асуы жоқ деп біледі. Олар аялап тәрбиелеп отырған 9 баласы ер жетіп, бір-бір шаңырақ көтерсе, Отанымыздың белді азаматтары болса, түпкілікті жеңісіміз сол болады деп армандайды. Арман алдамайды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше