Әскер • 04 Қыркүйек, 2024

Қорғаныс министрі әскери білім беру саласында бірқатар тапсырма жүктеді

200 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оқу жылының басталуына байланысты министрліктің әскери жоғары оқу орындары басшылығының және профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қорғаныс министрі әскери білім беру саласында бірқатар тапсырма жүктеді

Фото: Қорғаныс министрлігі

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін дәйекті түрде арттыру және болашақ мамандықтары бойынша мамандар даярлау міндеті қойылды. Бұл «жасанды интеллект» технологиялары мен жүйелерінің әр түрінің қарқынды дамуымен сипатталатын әскери салаға да қатысты. 

Қорғаныс ведомствосының басшысы қарулы қақтығыстардың ерекшеліктеріне тоқталып, мұнда бүгінде жаңа технологиялар, электронды күрес жүйелері, соққы беруші және көмекші құралдарды роботтандыру, сондай-ақ әскер бөлімшелерін логистикалық қолдау шешуші рөл атқаратынын айтты.  

«Бүгінде қалыптасқан, ескі әдіске сүйеніп, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуды іс жүзінде шешу мүмкін бола бермейтіні белгілі болып отыр. Соңғы жылдары түрлі соғыстар мен әскери қақтығыстар болды. Тез өзгеретін жағдай дәлелденбеген қағидалардан алшақтап, олардың негізінде қарулы текетірестің нысандары мен әдістеріне жан-жақты талдау жүргізуді, туындайтын қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерге ден қоюдың жаңа тәсілдері мен әдістерін әзірлеуді талап етеді», деді Қорғаныс министрі.

Ол мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде классикалық әскери ғылымда қалыптасқан тәсілдерді қайта ойластыру қажеттілігі туындағанын атап өтті. 

«Осы үрдістерді ескере отырып, әскери білім беру реформасы жүргізілуі, профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі мен құзыреттілігі, сондай-ақ әскери педагогтардың мәртебесі арттырылуы тиіс. Әскери кадрларды даярлау жүйесінің өзі икемді және тиімді болуы, мемлекеттің қазіргі әскери ұйымының қажеттіліктері мен міндеттеріне жауап беруі керек. Ол әскери құрылыстың перспективалық міндеттерімен, оған қоса жаңа буын соғыстарының сипатын болжаумен байланысты болуы қажет», деді ведомство басшысы. 

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери педагогтар алдында сөйлеген сөзінде ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, бейінді әскерлермен өзара іс-әрекетке жоспарланған оқу бағдарламаларының мазмұндық бөлігін жаңғырту, кәсіби және академиялық ұтқырлық нысандарын енгізу, кейбір басшылық құжаттарды қайта қарау сынды басымдықтарға тоқталды.

Қорғаныс министрі қазіргі заманғы әскери ғылымсыз және әскери білім берудің нақты құрылған жүйесінсіз, болжам жоспарсыз және ғылыми негізделген шешімдер қабылдамай, мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін жүйесін құра алмайтынымызды атап өтті. 

Бұдан өзге ол құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті қамтамасыз етуге, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтауға ерекше назар аударды. 

Соңында Қорғаныс министрі жоғары оқу орындарының жеке құрамына мемлекеттің әскери қауіпсіздігін нығайту мүддесінде жоғары білікті кадрларды даярлауда табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025