АСТАНА. 13 маусым. Белгілі экс-велоспортшы, допинг қолданғаны үшін өмір бойына спорттан аластатылған Лэнс Армстронг 100 млн. долларынан айырылып қалуы мүмкін. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады.
Қазіргі таңда Армстронг US Postal велокомандасында бірге сайысқа түскен әріптесі Флойд Лэндиспен және АҚШ үкіметімен соттасуда. Егер сот шешімі бойынша бұрынғы спортшы жеңілетін болса, барлық дүние-мүлкінен айырылады.
Cycling Weekly басылымына берген сұхбатында ол: «Егер бұл істе жеңілетін болсам, біз бұдан былай дәл осылай менің үйімде емін-еркін әңгімелесіп отыра алмаймыз. Тіпті ол кезде менің үйім де болмайды. Себебі, сотта жеңілсем мен 100 млн. доллары бар адамдардың қатарында болмаймын», – деді.
Сондай-ақ, Армстронг барлық жанкүйерінен кешірім сұрады. «Мен маған сенген, жанкүйер болған, қолдау білдірген, қандай жағдай болсын қорғаған адамдардың бәрінен кешірім сұраймын. Олардың соншалықты ықыластарын біле тұра, соңында бәрін сатып кеттім. Бұл ісім үшін қатты өкінемін. Егер әр жанкүйеріме барып, жекелей кешірім сұрау мүмкін болса, дәл солай жасар едім», – дейді ол.
Лэнс Армстронг допинг дауына дейін велоспорттағы даңқты спортшылардың бірі болды. «Тур де Франс» көпкүндігін жеті мәрте жеңіп алған ол допинг қолданғанын мойындағаннан кейін барлық атақ-даңқынан айырылғаны белгілі.
Айбек Молдабаев.
Дерек, сурет: eurosport.ru.
• 13 Маусым, 2015
Экс-велоспортшы Лэнс Армстронг тақыр кедей болып қалуы мүмкін

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17