Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2024

Студенттер үйінің қуанышы

74 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда Петропавл қаласында М.Қозыбаев атындағы Сол­түс­тік Қазақстан университетін жаңа жатақхана пай­да­лануға берілді. Іс-шараның ашылу салтанатына Ғылым мен жоға­ры білім министрі Саясат Нұрбек, облыс әкімі Ғауез Нұр­мұ­хам­бетов және АҚШ-тың Ари­­­зона университетінің вице-прези­денті Дженни Ли мен оқы­ту­шылар, студенттер қатысты.

Студенттер үйінің қуанышы

Оқытушылар мен­ сту­денттер­ге арнап са­лын­ған жатақ­хана то­лық­тай жиһазбен, тұр­мыстық тех­­ни­камен қам­та­масыз етілген.

Жаңа ғимараттың ашы­­­луында облыс әкімі Ғ.Нұрмұхамбетов Петро­павлда бұдан басқа да 1,2 мың орынға арналған тағы бір жатақхана­ның құрылысы аяқталуға жақын екенін жеткізді. Бұл нысан пайдалануға беріл­геннен кейін университет сту­денттері жүз пайыз жа­тақ­хана­мен қамтылады. Сондай-ақ Ғы­лым және жоғары білім министрі Сая­сат Нұр­бек қазір М.Қозыбаев уни­­­вер­­ситетін халықаралық зерт­теу университетіне айналдыру мақ­саты тұрғанын айтты.

«Бұл университет ака­де­мия­лық шеберлік орталық бағ­дар­­ла­масына таңдап алынды. Енді жыл сайын оқу орынның әле­уе­тін көтеру мен ғылыми зерт­теу жұ­мыс­тарына байланысты қо­сымша қаржы алып отырады», деді ол.

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан уни­верситеті 2022 жылдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасы­мен АҚШ-тың Аризона уни­вер­ситетімен ынтымақтас­тық байла­ныс орнатқан. Бүгінгі таңда екі жоғары оқу орны арасында ортақ 16 жоба іске асып отыр. Осы бағыт­тағы қосдипломдық бағдарлама ІТ, биотехнология және инклюзивтік білім үрдісінде оқытылады. Оқу бағдарламасы Америка, Қазақстан және басқа да шетел ғалымдарының қаты­суымен ағылшын тілінде жүргізіледі. 2025 жылы Аризона университетіне үшінші курс­тың 40 студенті аттанып, сонда білім алады. Бұған кететін барлық шығынды М.Қозы­баев университеті көтереді. Қазір­гі күні қос елдің бірлескен бағ­дар­ламасымен 1 033 студент оқиды. Олардың бәрі еліміздің әр өңірінен келген. Алдағы үш жылда тағы да «Бизнес және менеджмент», «Жалпы медицина», «Су ресурстары» бойынша оқу бағдарламасы іске асады. Онда 1 500 студент білім алады деп жос­парланып отыр.

Сонымен қатар ашылу салтанатында Аризо­на уни­верситетінің вице-президенті Дженни Ли де сөз алып, М.Қозыбаев университетін аралап көр­генін тілге тиек етті.

«Біз университеттің бар­лық корпусын аралап көрдік. Шы­ным­ды айтсам, оқу орны үлкен прогреске қол жеткізген екен. Әсіресе ғылыми зерттеу орталық­тары мен аудиториялардың бәрі талап­қа сай жасалған. Бейнелеп айтқанда, жайнап тұр. Биыл біз дуал­ды оқу бағдарламасымен үшінші жыл студенттерді қабыл­даймыз. Енді осы жобаның табысты болуына күш саламыз», деді ол.

Қазір М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан универ­си­те­тінде алты мың­дай студент оқи­ды. Оның ішінде 1 200-ден аса студент жатақханада тұрады. Атал­ған жоғары оқу орны қазір Аризона университетімен ғана емес, Қытайдың Солтүстік-Батыс ауылшаруашылық және орман шаруашылығы университетімен де бірлесіп, үш жақты су ресурс­та­ры­ның орталығын ашуды көздеп отыр. Бұл туралы меморандумға биыл­ғы сәуір айында елордада қол қойыл­ған.

 

ПЕТРОПАВЛ 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15