Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2024

Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді

76 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және бақылаушы ел ретінде қатысып отырған Қырғызстан делегацияларының қатысуымен Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында Қазақстанның төрағалығы кезінде Халықаралық Аралды құтқару Қоры Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді

Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Аталған жоспар құрылтайшы мемлекеттердің басшылары мен ХАҚҚ Президентінің тапсырмаларын іске асыруды, Қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіруді, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтуді, ХАҚҚ атқару комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруді, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі ақпараттық, талдамалық және үгіт жұмыстарын, өңірлік және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруды, өткізуді және оларға қатысуды қамтиды.

Сондай-ақ жоспарда екі ауқымды жобаны одан әрі іске асыру көзделген. Бұл - Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы, оның шеңберінде өңірде 35 жоба іске асырылып жатыр. Бұдан бөлек, Қор Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясына және ХАҚҚ орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссияға белсенді түрде жәрдемдесуге ниетті.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда Президентіміз Халықаралық Аралды құтқару Қорының басшысы болып сайланды. Қордың төрағасы ретінде біздің елімізге үлкен жауапкершілік жүктелген және Біз Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынаста боламыз. Біз бірлесіп Арал теңізін сақтау бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткіздік және осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Нарықта мұнай бағасы шарықтады

Экономика • 04 Қазан, 2024

Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі

Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Терраса тақтасы

Ғылым • 04 Қазан, 2024