Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Референдум: шетелде тұратын азаматтар қалай дауыс береді

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа ҚР Сыртқы істер министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум: шетелде тұратын азаматтар қалай дауыс береді

Коллаж: egemen.kz

Еске салайық, Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпыреспубликалық референдум өтеді.

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 59 шет мемлекетте 74 референдум учаскесі құрылды.

«Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары референдум учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады», делінген хабарламада.

Шетелдегі мекемелерде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2024 жылғы 6 қазан, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.