ПЕТРОПАВЛ. 28 сәуір. Солтүстік Қазақстанда Қазақстан Республикасы Президенттінің сайлауы барлық жағынан жоғары деңгейде өтті. Сайлауда президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Халықтың ықылысы, Елбасына деген сенімі зор болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сайлауда жастар да белсенділік танытты. Солардың бірі - облыстық депутаттар қауымдастығының төрағасы Владимир Витченко Елбасымыздың сайлаудағы тамаша жеңісі еліміздің алдағы даму жолдарын айқындап, берік негіз салып бергенін айтады. «Мен өзім Нұрсұлтан Әбішұлының сенімді тұлғасы ретінде жастармен көп жүздестім. Сонда олардың Президентіміздің саясатын толық қолдайтынын байқадым. Бұл тектен-тек емес. Әлем мойындаған тұлға түтіні түзу ұшқан ортақ шаңырақтың әл-ауқаты мен тұрмысын аз уақыттың ішінде түзей білді. Оның ішінде өскелең ұрпақ үшін де барлық жасай жасалған. Мемлекеттік бағдарламалардың қай қайсысын алсақ жастар мұраты бірінші кезекте ескеріледі», деді ол.
Сонымен бірге ол Мемлекет басшысы саламатты өмір салтына да үлкен көңіл бөліп келе жатқанын, сәулетті спорт ғимараттары тұрғызылып, материалдық-техникалық базалар нығайтылуда екенін, жақында облыста заманауи спорт сарайы ашылып, атақты велошабандоз, Лондон Олимпиадасының алтын жүлдегері Александр Винокуровтың есімімен аталатынын айтты.
«Бүгінде қазақстандықтар үшін төрткүл дүние есігі ашық. Мен кекушинкай-каратэден ұлттық команданың құрамында Еуропа мен Азия елдерін шарладым. Табанымыз тиген әрбір елде бізді құшақ жая қарсы алып, қонақжайлылық танытты. Себебі, барған жерлерімізде Нұрсұлтан Назарбаевты білмейтін адам кемде-кем. Маған Елбасымыздың қатысуымен өткен іс-шараларда болу бақыты да бұйырды. Солардың бірінде маған қол беріп амандасқанын ешқашан ұмытпаймын. Осы бір сәт бойыма орасан қуат-жігер беріп, қанаттандырды, алға ұмтылдырды», деді ол.
Оның айтуынша, қазір жастар үшін де «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, «Нұрлы Жол» бағдарламасы, бес халықтық реформа басты бағдарлар болып қала береді. Бейбітшілік пен келісім-көздің қарашығындай сақталатын жалпыхалықтық байлығымыз. Президентімізбен бірге жаңа жеңістерге жете беретін боламыз.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25