Құтқарушы • 09 Қазан, 2024

Ақтөбеде бау-бақша аумағындағы өрт сөндірілді

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Сазды өзенінің қамысы өртеніп, от бау-бақшалар орналасқан аумаққа тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде бау-бақша аумағындағы өрт сөндірілді

Фотолар: Видеокадр

Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылы нәтижесінде 50 баубақша учаскесі және 1 автокөлік өрттен құтқарылған.

«Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетті. Тұрғындарға эвакуация жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ. 2 шаруашылық құрылысы өртенді», делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Видеокадр

ТЖМ мәліметінше өртті сөндіруге облыстық ТЖД, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылымдарынан 47 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар

Семейде ерекше кешен ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:35