Оқиға • 09 Қазан, 2024

Қызылорда облысында бірнеше үйді тонаған ұры қолға түсті

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Қазалы ауданынының бірнеше тұрғыны полиция бөліміне үйлерінің тоналғандығы жөнінде арызданыпты. Күдікті иелерінің үйде жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы еніп, ақша мен алтын бұйымдарды қолды еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.          

Қызылорда облысында бірнеше үйді тонаған  ұры қолға түсті

Түскен ақпарат бойынша дереу бағыт-бағдар беріліп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ауданның 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар дәлелдеме ретінде алынды.

Қазіргі уақытта полицейлер пәтер ұрысының облыс көлемінде жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасып, күдікті қамауға алынды.