Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда 2015 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары жарияланды.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы тізімдерге енгізілген 9 547 864 сайлаушының 9 090 920-сы немесе 95,21%-ы дауыс беруге қатысқаны белгілі болып отыр.
Сайлаушылар дауысы жалпы республика бойынша төмендегідей бөлініпті:
Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа сайлаушылардың 57 718 дауысы берілсе, бұл 0,64%-ды құрайды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа – 8 833 250 немесе 97,75%.
Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовқа – 145 756 немесе 1,61%.
«Сайлау туралы» Заңға сәйкес және Орталық, сондай-ақ, облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде Орталық сайлау комиссиясы сайланған Қазақстан Республикасы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саналсын деп қаулы етті.
Сайлаудың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бекіткен ресми хабар БАҚ-та жарияланады және Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сәуірде кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының Президентін тіркеу туралы қаулы қабылдады және 2015 жылғы 29 сәуірді Қазақстан Республикасы Президентінің ант беру күні деп белгіледі.
Ортсайлауком төрағасы Орталық сайлау комиссиясы аталған қаулыларды қабылдай отырып, Мемлекет басшысын сайлау жөніндегі сайлау науқанының соңғы кезеңін аяқтайды деп атап өтті.
«Өткен сайлау науқаны барысында өздерінің саяси еркін белсенді әрі бірегей көрсеткен барлық қазақстандықтарды құттықтауға, сондай-ақ, сайлау процесінің барлық қатысушыларына, әсіресе, сайлауды ұйымдастырушыларға адал және жауапты жұмыстары үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі олардың алдарына қойылған міндеттерді орындап шықты деп ойлаймын», – деді Қ.Тұрғанқұлов отырыс соңында.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
АСТАНА.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10