Оқиға • 16 Қазан, 2024

Пойызда бір күнде бірнеше ұрлық жасаған күдікті ұсталды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау – Қызылорда пойызында Астанадан Қарағандыға барар жолда жолаушылардың жеке заттары мен ұялы телефонын қолды қылған күдікті ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Пойызда бір күнде бірнеше ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Фото: polisia.kz

Күдікті ер адам жолаушылардың ұйықтап жатқанын пайдаланып үш телефон мен жеке заттар салынған сөмкені ұрлап үлгерген.

Полиция күдіктіні сол күні түстен кейін Қарағанды базарларының бірінде қолға түсірген. 

Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, пойызда кез келген заң бұзушылыққа тап болған жағдайда бірден жолсерік пен және полицияны хабардар ету керек.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше