Оқиға • 17 Қазан, 2024

Жетісуда шенеуніктер бюджет қаражатын жымқырған

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының прокурорлары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мен мердігер ұйым директорына 74 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлады деген айып тақты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісуда шенеуніктер бюджет қаражатын жымқырған

Фото: kursiv.media

Прокуратураның мәліметінше, Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.

«Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті. Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді. Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды», делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025