Қоғам • 18 Қазан, 2024

Жазғы дөңгелекпен жүргендерге айыппұл салынады

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері Алматыда ауа температурасы төмендеп, жаңбыр, қар жаууы ықтимал. Осыған байланысты қалалық Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне үндеу жолдады, деп жазады Egemen.kz.

Жазғы дөңгелекпен жүргендерге айыппұл салынады

Фото: kolesa.kz

Алматыда күн райының күрт бұзылуына байланысты полиция жүргізушілерге қысқы дөңгелекке өту керек екенін ескертті. 

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау үшін көлік жүргізушілері мен автокөлік иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз», деді ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Елімізде көлік жүргізушілері қыстың 3 айында осы мезгілге арналған дөңгелекпен жүруге міндетті. Ал 1 желтоқсанға дейін қысқы дөңгелекке ауыспаған жүргізушілерге айыппұл салынады. Ережені ескермегендерге әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-бөлігі бойынша 5 АЕК айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар

Бұрын-соңды болмаған өсімдік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ғарыштағы ЖИ деректер орталығы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Жаз маусымының бір сынағы

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Адам ДНҚ-сын құрастырады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Құлжан әулетінен қалған мұра

Жәдігер • Бүгін, 08:00

Күй

Сатира • Бүгін, 07:58