АҚТАУ. 29 қаңтар. Мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот үкімі жарияланды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ақтау қалалық сотында Қылмыстық кодекстің 311-бабының 4- бөлігі, «г» тармағымен (бірнеше рет пара алу) Е.Оспановқа, Қылмыстық кодекстің 313-бабының 1-бөлігімен (парақорлыққа делдал болу) Н.Ихсанова мен Ж.Куразоваға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.
Аталмыш департаменттің басшысы болған Е.Оспанов мемлекеттік қызметке үміткерлерден тестілеуден жағымды нәтижеге жету үшін бірнеше рет ақшалай сыйлықтар алғаны үшін, ал департамент басшысының орынбасары Н.Ихсанова мен персоналды басқару бөлімінің басшысы Ж.Куразова пара алуға және беруге делдал болғаны үшін айыпталған еді.
Ақтау қалалық сотының үкімімен Е.Оспанов Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлімінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оны 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының жалпы режімінде өтеу белгіленді. Сондай-ақ, оның жеке мүлкі тәркіленіп, Қылмыстық кодекстің 41-бабының 2-бөліміне сай мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқынан 7 жылға айырылды.
Бір эпизод бойынша Е.Оспанов кінәсіз деп танылған.
Ал Н.Ихсанова және Ж.Куразова Қылмыстық кодекстің 313-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына жаза ретінде 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 387 400 теңгеден айыппұл салынып, мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқынан 1 жылға айырылды.
Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкім заңды күшіне енген жоқ.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 29 Қаңтар, 2015
Маңғыстауда бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерге үкім шықты

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше