Егемен Қазақстан • 06 Қараша, 2024

«Болашақ» түлегінің семинары

75 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазақ газеттері» серік­тес­тігінде «Egemen Qazaqstan» газетінің аға тілшісі, биыл «Болашақ» бағдарламасымен Англияның Ланкастер универ­ситеті Қытай орталығында та­ғылымдамадан өтіп келген Гүлнар Жолжанның «Қазақ-қытай байланысы: «Бір белдеу, бір жол» мегажобасының барысы туралы» атты семинары өтті.

«Болашақ» түлегінің семинары

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Әріптесіміз бұған дейін Англия­ның Ньюкасл университетінің магис­тратурасында білім алған кезде де ғы­лыми бағытқа ден қойған. Былтыр та­ғылымдамаға түсер кезде газетіміздің саясат және құқық бөлімінде қызмет етуіне байланысты зерттеу тақырыбы ретінде саяси бағытты, атап айтқанда, Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты таңдаған еді. Соның ішінде екі мемлекетке тікелей қатысы бар «Бір белдеу, бір жол» мегажобасына тоқталған.

Бұл жобаның бастау алғанына 10 жылдан асып барады. 2013 жылы елімізге жұмыс сапарымен келген Қытай төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев университетінде аталған жоба туралы мәлімдегені белгілі. Негізінен Қытай мен Еуропа арасын жалғайтын ірі жобаның алғашқы аяқалысы біздің жерімізден бастау алды. Осы жөнінде әңгімелеген әріптесіміз былтыр жобаға 10 жыл толғанын, соған орай халықаралық сарапшылар оның нәтижелері мен жетістіктері туралы баяндады.

– «Бір белдеу, бір жол» аясында 200-ден аса жобаны іске асыру көздел­ген. Олар әлемнің 152 елін қамтымақ. Оның ішінде біздің мемлекетімізде әу баста ­52 жоба іске асады деп күтілген еді. Бүгінге дейін әзірге 17-сі ғана нақты ­іске асты. Соның ішінде ең алғашқы­сы – Цзянсу провинциясының Ляньюнь­ган қаласында Қытай-Қазақстан ха­лық­аралық логистикалық базасының са­лынып, жұмысын бастауы, – деп атап өтті спикер.

Г.Жолжанның айтуынша, халық­ара­лық сарапшылар бұл мегажобаның Қа­зақстанда сәтті жүзеге асқанын айтып келеді. Ал Малайзия, Индонезия се­кілді кейбір мемлекеттерде ол үлкен дау ту­ғызып, Қытай бұл елдер­ден бас тартқан. Осы тұрғыдан алған­да, көптеген маман Қазақстанды Қытай­дың ұйытқы болуымен бастауын алған ірі жобадағы басты ел санайтынын жеткізді.

Семинар барысында мегажобаның тек экономикалық қана емес, саяси тұс­тары мен нәтижелері, оның әлем ел­деріне, соның ішінде біздің мемле­кетімізге әкелген пайдасы жөнінде кеңінен сөз болды.

– Ғылыми жұмысымның же­тек­шісі, Ланкастер университеті Қытай орталығының директоры Эндрю Чаб – Қытайды зерттеп жүрген белгілі ғалымдардың бірі. Біз Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас қыр­ларын бірге зерттейміз деп шешіп, осы бағыттың көкейкесті мәселелеріне тоқталдық. Бұл жайында көп зерттеу мәліметін жинадым. Оның бәрі алдағы уақытта жарық көріп, оқырман қолына тиеді деп үміттенемін, – деді Г.Жолжан.

Семинарда қатысушылар жас зерт­теушіге Ұлыбританияның оқу жүйесі, мәдениеті, қоғамдық ерекшелігі туралы сұрақ қойып, тұшымды жауап алды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15