Спорт • 03 Қараша, 2025

«Қайрат» пен «Семей» плей-оффқа жолдама алды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының «Қайраты» мен Абай облысының «Семей» клубы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф додасына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.

«Қайрат» пен «Семей» плей-оффқа жолдама алды

Аталған жарыстың негізгі бөлігінде «Қайрат» Косовоның «Приштинасымен» күш сынасты. Бұл бәсеке 4:1 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Алматылықтардың сапынан Біржан Оразов дубль авторы атанса,  Кевин Аррьета мен Атирсон бір-бір голдан соқты. Осыған дейін жерлестеріміз Хорватияның «Ново Вриемесін» (3:2) ұтып, Португалияның «Спортингіне» (2:7) есе жіберді. Нәтижесінде алты ұпайды еншілеген «Қайрат» өз тобында екінші орын алды.

«Семей» Чехияның «Хрудимін» (9:5) жеңгенімен, Францияның «Этуальі» (3:4) мен Испанияның «Пальмасына» (4:7) жол берді. Топтық турнирде үш ұпайды қанағат тұтқан жерлестеріміз үшінші орынды иеленді. Десек те, осы нәтиженің өзі семейліктерге плей-оффқа шығу үшін жеткілікті болды.  

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30