Қоғам • 07 Қараша, 2024

Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды

1 мин
оқу үшін

Қатты жел салдарынан Астананың бірқатар ауданы жарықсыз қалды. Бұл туралы «Астана-РЭК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Фото: ашық дереккөз

Қазір төтенше жағдайлар қызметі Оңтүстік-Шығыс ықшамауданы, оң жағындағы 10 киловольттық әуе желілерінде, сондай-ақ Алматы және Сарыарқа аудандарындағы жеке тұрғын үйлерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Қолайсыз ауа райы салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды: 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, екі арнайы техника (АГП) және ДГҚ жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44

Әлемдік додада топ жарды

Технология • Бүгін, 08:50

Пайдасы көл-көсір көмір күлі

Аймақтар • Бүгін, 08:49

Ғабит ғибраты

Руханият • Бүгін, 08:45