Оқиға • 08 Қараша, 2024

Биыл 33 ескерткішке ғылыми реставрация жасалды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде тарихи-мәдени нысандардың жағдайына мониторинг жүргізіледі. Ескерткіштер мен кесенелерді сақтауға, сондай-ақ оларды ғылыми реставрациялауға жергілікті және республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 33 ескерткішке ғылыми реставрация жасалды

Фото: Ашық дереккөз

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 25 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысандары бар. Оның ішінде 12 мыңнан астамы республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енсе, 13 мыңға жуығы тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған.

«Қазақстан Республикасы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 10 және 11-баптарына сәйкес олардың жай-күйіне мониторинг жүргізіледі. Мемлекеттік тізбеде техникалық жағдайы нашарлаған және ғылыми қалпына келтіру жұмыстарын қажет ететін объектілер айқындалады. Одан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік органдарға ұсынымдар жіберіледі», делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, жергілікті маңызы бар ескерткіштерді реставрациялау жұмыстары жергілікті бюджеттен, ал республикалық маңызы бар ескерткіштер бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

«Биыл республикалық бюджеттен 33 ескерткішке ғылыми реставрация жасалды, оның 9-ы кесене, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи, Асан ата, Оқшы ата, Шоқай датқа, Сүйінбай Аронұлы, Сырлытам және Жүсіп ата кесенелері», делінген хабарламада.