Университет • 09 Қараша, 2024

Халықаралық беделі нығайды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шәкәрім университеті «QS Stars» рейтингінің қорытындысы бойынша 4 жұлдызды иеленіп, халықаралық беделі нығайды. Сөйтіп, аталған оқу орны «QS Asia University Rankings 2025» рейтингінде өз орнын айқындап, бірден 100 сатыға жоғарылап, Азиядағы 984 университеттің ішінде 501-520 орындарына тұрақтады.

Халықаралық беделі нығайды

Бұл жетістік университеттегі білім беру бағдарламасының жоғары деңгейін көрсетіп, халық­аралық стандарттарға сай болуға және стратегиялық өзгерістер бағытын ілгерілете түсті.

«QS Stars» халықаралық жүйесіндегі Шәкәрім универси­тетінің «жұлдызды» көрсеткіші – аталған оқу орны стандартының бес негізгі бағыт бойынша сапа­лы екенін айшықтады. Ең жоға­ры 5 жұлдыз «Білім беру», «Жұмыс­пен қамту», «Басқару», «Әлеу­мет­тік ықпал» және «Күшті бағдар­ла­ма» сияқты категориялар бойын­ша берілген. Мұндағы «Күшті бағ­дар­лама» «химия-биология» білім беру бағдарламасына қатыс­ты. Сонымен қатар «Инфра­құ­­ры­­лым», «Әртүрлілік, тең­дік және ин­клюзивтілік», «Ака­демиялық даму» және «Интерна­ционал­дан­дыру» бағы­ты бойынша да 4 жұлдызға ие болды. Жоғары бәсе­келестік жағ­дайында бұл дең­гейге жету – университеттің білім беру сапасын арттыру, ғылы­ми зерттеулерді дамыту және ха­лықаралық байланыстарды ны­ғай­ту бойынша жүзеге асырған дәйекті стратегиясының нәтижесі.

Қазір жоғары оқу орнында оқытушылар құрамының 37 пайы­зын құрайтын жас кадрларды да­мытуға бағытталған игілікті жұмыстар атқарылып жатыр.

Бір сөзбен айтқанда, көңіл қуантар көрсеткіш – Шәкәрім уни­верситетінің білім беру және ғылыми бастамаларды қолдау мен іске асырудың нақты платформасы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15