Жәдігер • 23 Қараша, 2024

Белдіктегі бейне

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біраз жыл бұрын Елеке сазы аңғарындағы «Қаған» мемо­риалдық кешенінде ауқымды қазба жұмыстары жүргізіліп, алтыннан жасалған түркі қағаны бейнеленген белдіктің жапсырмасы табылған. Күні кеше облыстық тарихи-өлкетану музейінде сол белдіктегі бейнеге қарап сомдалған қағанның гипер реализм стиліндегі мүсіні ашылды.

Белдіктегі бейне

Музей төрінде қос пырақты тақ етіп, тәж киген қаған отыр. Таққа барыстың терісі жабылған. Тарихи-мәдени тұр­ғыдағы құнды артефакт ежелгі түркі қоғамының діни және саяси идеологиясын ай­шықтайды.

«Бұл – түркі қағанының реконструкциясы. Мүсінге көз салсаңыз, билікте отырғанын бірден байқайсыз. Киім үлгісі де ерекше, түркі кезеңіне тән. Ою-өрнектері мән-мағынаға ие. Бұл хан болғандықтан, тәжі де биік. Маңдайшасында жақұт тасын тістеген самұрық құсы бейнеленген. Ал мойнында алтынмен апталған гривна бар. Қаған қос пы­рақтың үстінде отыр. Ол уа­қытта тә­ңірге сен­гендіктен, қос ат о дү­ниеде де қажет деп ойласа ке­рек. Қолында сусын. Шашы тар­мақтала өрілген. Ұшына алтын шашпау таққан. Белдігі аң стиліндегі ою-өрнекпен бедерленген. Аяқкиіміне дейін алтын әше­кеймен апталған. Сұқ сау­сағындағы таутеке суреті бар сақинаны мөр ретінде пайдаланыпты», деп түсіндірді облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық көр­мемен қамтамасыз ету бө­лімінің меңгерушісі Альфия Нұрланқызы.

апр

Ол ғасырда адамды жерлемес бұрын өртеген көрінеді. Айтып өткендей, қағаннан қалған қалдық – белдік жапсырмасы ғана. Ерте орта ғасыр­лардағы ең маңызды ар­­хео­логиялық орын саналатын кешенге профессор Зайнолла Самашев қазба жұ­мыс­тарын жүргізіп, бірегей құрылымдық және тарихи артефактілерге тап болған. Қа­ған кешенінен қыш ыдыс­­­тар, ат-әбзелдері, қару-жарақ, қоладан жасалған тұтқасы бар шам мен табақ, кристалдан жасалған зооморф­ты тұмар, қола тоғалар мен бел­­­­дік жапсырмалар сынды жә­­­­дігерлер кездескен.

Айтқандай, қағанның заманауи, ғылыми мүсінін белгілі суретші, этнограф-қарутанушы Қалиолла Ахметжан жасап, «Ұлы дала алтыны» экспози­ция­­сына ұсынған.

 

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15