Қоғам • 03 Желтоқсан, 2024

Оқушылардан жаңа жылдық кешке ақша жинауға рұқсат етіле ме

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі жаңа жылдық кештерге ақша жинауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқушылардан жаңа жылдық кешке ақша жинауға рұқсат етіле ме

Фото: bologoe-school12.ru

«Біз бұрын айтқанымыздай, «мектептерде ақша жинау» деген болмауы керек. Мен осы және басқа да іс-шараларға байланысты пікірімді үнемі айтып отырамын. Бұған министрліктің бұйрығымен де тыйым салынады. Бұл жаңа жылдық іс-шараларға да, шыршаларға да қатысты. Кез-келген іс-шараларды ақша жинамай өткізуге болады. Сонымен қатар қазір барлық іс-шаралар «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарланған»,  деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ министр кез келген іс-шара балаларды тек көңіл көтеруге емес, тәрбиелеуге бағытталу керек екенін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37