Оқиға • 04 Желтоқсан, 2024

Алматыда альпинист 12-қабаттан құлап кетті

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жарнама ілетін 27 жастағы альпинист 12-қабаттан 2-қабаттың балконына құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда альпинист 12-қабаттан құлап кетті

Фото: wikipedia

Қайғылы оқиға 3-желтоқсанда болған. Төле би көшесіндегі «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінің қасбетіне жарнамалық баннер орнатып жатқан 27 жастағы жігіт 12-қабаттан құлап кеткен. 

Аталған іс бойынша кешенді тергеу шаралары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Аудандық ішкі істер бөлімінің полиция бөлімі ер адамның өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше