Өнер • 05 Желтоқсан, 2024

Шыбын жанның кейпі

617 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жылқы жарықтық қазақтың жаны емес пе? Сонау бір жылдары сексеннен асқан қарияның асқа байланысты пікірі құлағымда қалып қойды. «Қымыз бен етке құн жетпейді ғой» деп басқаға емес, өзіне айтқандай болды. Дастарқан басын­дағылармен таласқысы келмесе керек. Қымыз бен ет дегенде, әрине, жыл­қының еті екені белгілі.

Шыбын жанның кейпі

Пабло Пикассоның мы­на картина­сын көріп, қыр қазағы қараптан-қарап «ауы­рып» қалуы бек мүмкін. Іші қатқан жылқы ма, індет шалған жылқы ма, әйтеуір дімкәс жа­нуар деген мағынадағы сурет. Осы­ның алдында Сальвадор Дали салған жылқыларды көріп, «жануарды осыншама қорлауға бола ма екен? Жылқыға күні түсе бермейтін жақтың баласы болғасын өстиді ғой», деп қойғанбыз. Мүм­кін бір шығарманың желі­сімен асқан қасіретті немесе болмыстың азғындауын көрсеткісі келген шығар, кім біліпті.

Ал Пикассоның мына картинасы сонау бір жылдары жұттан қаусап қалған жылқыларды еске салды. Қай­бір жылдары еліміздің батыс аймағындағы көтерем жылқылардың суреті мен бейнесі желіні алып кетіп еді. Сонда бір қанжылағанбыз. Пикассо тіпті көтерем қыл­ғаны өз алды­на, ішек-қарнын ақтарып тастапты. Бала күнімде жылқыда жүріп жаманауы­з (қасқыр) жарып кеткен биенің үстінен түсіп, ондайға да душар бол­ғаным бар, жаным жа­бырқап, солық қысқан. Сон­да үлкен көк биенің ішін жарып, жылы-жұмсағын жеп кетіпті. Жабағысының сан етінің жарымы салақтап жүр. Жылқыны іңірттеп ауыл­дың тұсына айдап әкел­дім. Ертесіне ит-құс жаба­ғысын да жайратып кеткен екен. Сонда ит-құс алғаш шапқанда, бие құлынын қорғаштап, өзін жазым еткен болып тұр ғой. Өлімге өзін қиып, баласын аман алып қалған. Менің жылқыны үйге айдап әкелмеген ша­лалығымнан келесі түні құ­лынды жәукемдепті. Оның да денесі тұтас қалыпты да, ішін ақтарып жепті.

Паблоның туынды­сын­дағы мына жануардың көтерем болып, ішек-қа­рны сүйретілгені өз алдына, алдыға қарай сәл етпеттесе, жерден шығып тұрған үшкір темірге жа­ры­лып қалардай. Автор қандай да бір қасіретті, ты­ғырыққа тірелгенді салғанын аңғарамыз. Жылқы емес, шырқыраған шыбын жан деп қараған жөн шығар. Қашып құтылар жол жоқ, жалғыз-ақ көктен көмек түспесе. Танауын аспанға тігіп қойғаны бекер емес автордың. Жаны мұрнының ұшына келді дейді қазақ. Жан алқымға келгенде, жылқы да Құдайдан үмітті. Бәл­кім, адамзатқа соны емеу­рін еткісі келген болар.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15