Басылым • 31 Желтоқсан, 2024

Қоржындағы қомақты үлес

36 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әр жыл ұлт руханиятына түрлі табыс әкеледі. Жыл сайын кітапхана сөресі жаңа кітаптармен толығатыны да сөзсіз. Биыл да қоржынға қосылған жаңа жинақ көп болды. Соның ішінде «Абай» баспасынан жарық көрген 155 кітапты ерекше атап өтеміз.

Қоржындағы қомақты үлес

Оның ішінде қазақ әдебиетінің клас­сик ақын-жазушыла­ры­­ның шығармаларынан жа­сақталған бірегей туындылармен қатар балалар мен жас­өспірімдерге арналған тың шығармалар да бар. Көркем әдебиеттен бөлек, баспаның қоржыны биыл құнды діни-рухани бағыттағы, тарих саласы бойынша қызықты кітаптар мен ауыз әдебиетінің жауһарларымен де толықты. Атап айтсақ, «Ұлы тарих және ұлы әулиелер», «Ұлы дала ақиқаты», «Тараз – өр­ке­ниеттер өрімдерінің куәгері», «Қарахан баба мен Айша бибі», Алтыбармақ бабамыздың «Мұ­хаммедтің пайғамбарлық дә­лелдері», «Тұрмыс-салт жырлары», «Батырлық жыр-дастандар», «Лиро-эпостық жырлар», «Тұр­мыс-салт ертегілері», «Аңыз-әң­гімелер», «Қиял-ғажайып ертегілер», «Ауыз әдебиетінің шағын түрлері», «Хайуанаттар туралы ертегілер», тағы басқалар.

«Абай» баспасынан жа­рық көрген көркем әдебиет кітап­тарының көшін Дулат Ба­ба­тай­ұлы, хакім Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бас­тап, Мұхтар Әуезов, Алашорда қайраткерлерінің шығармалары мен кейінгі классик қаламгерлер жалғастырады. Сонымен қатар аталған баспа оқырман сөресін еліміздің көрнекті жазушылары мен жас авторлардың шы­ғармаларымен толықтырып отыр.

Жаңа кітаптар әлемдік сұ­ранысқа сай, заманауи үлгіде, бояуы бай, бірегей дизайнда жа­сақталып, өзіне тән тартым­дылығымен ерекшеленеді.

«Абай» баспасы барлық кітапты өз қаржысына шы­ғарып, сатып, авторларға қо­мақты қаламақы төлейтін жағ­дайға да жетті. Биылдың өзінде 50-ден астам автор мен қай­тыс болған авторлардың мұра­герлері «Абай» баспасынан түрлі сомадағы қа­ламақы алған. Ал алдағы жылы кітап ассор­тиментін көбейтіп, қоғамды кітап оқуға шақыратын бірқатар қызықты жоба ұсынбақ.

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Шебер дәнекерлеуші

Еңбек • Кеше

Мал баққанға бітеді

Еңбек • Кеше