Құтқарушы • 02 Қаңтар, 2025

Таулы аумақта қалған 60 көлікке көмек көрсетілді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында полиция боранды күні таулы аумақта жолда қалған 60 көлікке көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таулы аумақта қалған 60 көлікке көмек көрсетілді

Фото: Видеоскрин. Polizia.kz.

Polizia.kz-тің ақпаратына қарағанда Созақ ауданы аумағындағы Екпінді-Бірлік тас жолында жол жиегіне шығып кеткен DAF маркалы ауыр жүк көліктерін полиция қызметкерлері қауіпсіз орынға шығаруға көмектесті.

Облыс полициясы жалпы 23 жеңіл көлік пен 37 жүк көлігіне көмектескен.

Ұзақ жолдан келе жатқан ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің кейбіріне ыстық шәй-тағам жеткізген сақшыларға азаматтар алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше