
Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
Өңірдегі фермерлер мен жеке тұрғындардың қыстағында 456 мың қара мал, 623 мың қой мен ешкі бар.
«Биыл жазда жем-шөп дайындалған шабындықтар аумағы 281 мың гектарды құрап, өткен жылғыдан 19 мың гектарға артық болды. Нәтижесінде фермерлеріміз бір жарым жылға жететін мал азығын қамдап алды. Шамамен 1 млн 835,6 мың тонна шөп шабылып, жоспар артығымен орындалды. Бұған қоса 112,3 мың тонна пішендеме, 182 мың тонна сүрлем, 317 мың тонна сабан дайындалды. Шабындықтарда маяланған шөптің 91%-ы қыстақтарға жеткізілді», дейді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев.
Аймақтағы ірі қара малдың 17,6%-ы асыл тұқымды. 168-ден астам шаруашылық асыл тұқымды сиырларды өсірумен айналысады. Ет бағытында – қазақтың ақбас сиыры, герефорд, абердин-ангус, әулиекөл тұқымдары, сүт бағытында симментал, голштин, қызыл дала түрлері өсіріліп отыр. Ал ұсақ малдардың 3,9%-ы, жылқының небәрі 2,4%-ы ғана асыл түлік саналады.
Статистикалық деректер аймақтағы ірі қараның азайғанын көрсетеді. 2022 жылы өңірде 527,8 мың түлік саналса, қазір олардың саны 467 мыңнан сәл асады. Ал жылқы соңғы екі жылда 58 мыңға өскен. Облыста түйемен айналысатын шаруашылықтар да көбейе түскен. 2022 жылы аймақта Зеңгі баба тұқымының 32 түлігі тіркелсе, бүгінде олардың саны 150-ге жуықтаған.
Павлодар облысы