Спорт • 10 Қаңтар, 2025

Биыл ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Биыл ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Биыл Қазақстанда халықаралық деңгейдегі бірнеше жарыс өтеді. Ал отандық спортшылар әдеттегідей әлемнің әр қиырында өтетін дүбірлі додаларда бақ сынайды.

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан, Германия, Канада, Қытай, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа да елдерден 100-ден астам спортшы 6 спорт түрі бойынша 196 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр. Ел құрамасы сапында жас дарынды спортшылар Анастасия Городко, Дінмұхаммед Райымқұл, Ильнар Ибрагимов және басқа да саңлақтар бар.

Ақпан айында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарында Қазақстанның 139 спортшысы биатлон, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және басқа да спорт түрлері бойынша бақ сынайды. Жарысқа 32 елден 1000-нан астам атлет қатысады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар отандық спортшылар биыл БАӘ-де өтетін II «Болашақ ойындарына» қатысады. Бұған дейін Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан 2026 жылы дәстүрлі спорт пен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – Phygital Games of the Future жарысын өткізу құқығына ие болған еді. Спорттық іс-шараны өткізу құқығы үшін Қазақстан, Перу, Чили мемлекеттері бақ сынаған болатын.

Сондай-ақ жерлестеріміз биыл бірнеше маңызды жарыстарда сынға түседі. Атап айтқанда, Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) VI Ислам ынтымақтастық ойындары, Бакудегі (Әзербайжан) III ТМД ойындары, Чэндудегі (Қытай) XII Дүниежүзілік ойындарына қатысады.

Жалпы 2025 жылы отандық спортшылар 100-ден астам халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттық турнирлер мен жарыстарға қатысады.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025