Теннис • 17 Қаңтар, 2025

Жеңісті жол жалғасты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралияның Мельбурн қала­сында өтіп жатқан Aus­tralian Open-2025 турнирінің екінші айналымында да теннисші қыз­дарымыз жеңіске жетті.

Жеңісті жол жалғасты

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17 жастағы америкалық Ива Йовичті айқын басымдықпен ұтты. Ғаламдық рейтингте 191-сатыда тұрған қарсыласы жерлесіміздің тегеурініне төтеп бере алмады, екі сеттегі есеп – 6:0, 6:3. Елена енді үшінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаяның қарымын байқап көреді.

Елена Рыбакина үш жыл бұрынғы биігіне шыға ала ма? 2022 жылы «Уимблдон» турнирінде топ жарып, «үлкен дулыға» санатындағы мәртебелі доданың үздігі атанды. 2023 жылы Australian Open турнирінің финалына шықты. Былтыр Мельбурндегі тартыстың екінші айналымында күтпеген жерден ресейлік Анна Блинковаға есе жіберген болатын.

Тағы бір жерлесіміз Юлия Путинцева да жеңістің жүлгесін жалғастырып, үшінші айналымға өтті. Қытайлық Чжан Шуайды ол 6:2, 6:1 нәтижесімен жеңді. Келесі қарсылас – ресейлік Дарья Касаткина. Ресейлік теннисші әлемнің 10-ракеткасы саналса, Путинцева 23-сатыда тұр.

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Шебер дәнекерлеуші

Еңбек • Кеше

Мал баққанға бітеді

Еңбек • Кеше