Жәдігер • 18 Қаңтар, 2025

Нарқобыз

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі көне жәдігерлерге бай. Әсіресе онда өңір тарихынан сыр шертетін дүниелер өте көп. Сондай экспонаттың бірі – нарқобыз.

Нарқобыз

Бұл қасиетті қобыз атадан балаға мұра болып сақталған. Оны музейге 2004 жылы Қостанай облысы Де­нисов ауданындағы Шоқыбай кентінің тұрғыны Жаңыл Көшерова тапсырған. Негізі иесі – Нұрғали Кү­зем­баев есімді атамыз. Бұл кісі, шама­мен 1890-жылдары өмірге келген. Руы ноғайтілеу. Ел ішінде нарқобызбен бақсылық құрған. Адам­дарды емдеген. Әсі­ресе бала сүйе алмай жүрген жан­дарға жәр­демі тиген.Оған бұл қобыз ағасынан қалыпты.

Ғасырдан астам тарихы бар аспап қа­рағаштан ойып жасалған. Пішіні ожау тәрізді, мойны иілген. Шанағының ортаңғы бө­лігінде ойылған ағаш ақық және металл жапсырмалармен безендірілген. Сондай-ақ шанағының төменгі бөлігіндегі қуыс терімен қапталған.

Нарқобыз – қыл ішекті музы­калық аспаптардың ішіндегі ең көне түрі. Тарихи деректерде нарқобызды бақсылар тәңірмен тілдес­кенде, жын-перілерді қа­­шыр­­ғанда және өзге де діни рәсім­дерде тартқан екен. Сонымен бірге оны жау­гер­шілік заманда әскер­ге рух беру мақсатында қол­данған.