Оқиға • 20 Қаңтар, 2025

Жас жігіт пышақтаған астаналықтардың жағдайы белгілі болды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 қаңтар күні таңертең 21 жастағы жігіт төрт туысын пышақтаған. Оқиға орнында 27 жастағы ағасы жан тапсырып, үш адам ауруханаға жеткізілген еді, деп жазады Egemen.kz

Жас жігіт пышақтаған астаналықтардың жағдайы белгілі болды

Фото: AFP 2024 / SEBASTIEN BOZON

Астана қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жас жігіт туыстарына онлайн ойынға тыйым салып, телефонын тартып алғаннан кейін пышақ салған. 

Қазір 1964, 1974 жылы туған екі әйел № 1 көпсалалы қалалық ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлер олардың жалпы жағдайы орташа тұрақты екенін айтып отыр. 

«Тексеру нәтижесінде 1964 жылғы әйелдің денесінің әртүрлі бөліктерінде бірнеше жерден кесілген жаралар анықталды, сонымен қатар сол жақтағы қабырғасы сынған. Ауруханаға ауыр жағдайда жатқызылды және операция жасалды, қазір пациент қарқынды терапия бөлмесінде жатыр. Сондай-ақ 1974 жылы туған әйелдің денесі пышақпен әртүрлі жерден кесілген, денесі көгерген, бас жарақатын алған және оң жақ қабырғасы сынған. Жалпы жағдайы орташа, тұрақты», делінген Денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Тағы бір жарақат алған 18 жастағы науқас хирургия бөліміне түскен. Дәрігерлердің айтуынша, оның да денсаулық жағдайы орташа тұрақты. 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Шебер дәнекерлеуші

Еңбек • Кеше

Мал баққанға бітеді

Еңбек • Кеше