
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, жалпы қылмыстың 5,3 пайызға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеуінің оң динамикасы байқалады.
Өсім келесі облыстарда байқалады: Маңғыстауда – 12,2 пайызға (3097 – ден 3474 – ке дейін), Атырауда – 8,5 пайызға (4283 – тен 4647-ге дейін), Павлодар облысында – 5,6 пайызға (5039-дан 5322-ге дейін), Қызылорда облысында – 4,6 пайызға (2871-ден 3003-ке дейін), Ұлытауда – 2,8 пайызға (1278-ден 5322-ге дейін 1314), Алматы облысында – 1,6 пайызға (10 223 – тен 10 385-ке дейін) және Ақмола облысында – 0,7 пайызға (5084-тен 5120-ға дейін).
«Қылмыстың ең көп саны Алматы қаласында – 24 965 (18,8 пайыз) және Астанада – 17 339 (13,1 пайыз), Алматы облысында – 10 385 (7,8 пайыз) және Қарағанды облысында – 7 562 (5,7 пайыз) жасалған», делінген хабарламада.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санының 34 пайызын алаяқтық (45 156), 23 пайызын ұрлық (30 593), 6,3 пайызын есірткі қылмысы (8 363), 1,2 пайызын тонау (1 551), 1,2 пайызын бұзақылық (1615), 0,8 пайызын – мал ұрлығы (1051), 0,4 пайызын – кісі өлтіру (566), 0,3 пайызын – зорлық-зомбылық (421), өзге де қылмыстар – 32,7 пайызын (43 462) құрайды.
Кішігірім қылмыстар – 7,6 пайызға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар – 16,8 пайызға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр қылмыстар – 2,2 пайызға (37 548-ден 36 736-ға) азайған.