Спорт • 20 Қаңтар, 2025

Спортшылардың жарқын жетістігі

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңістері туралы шолу мағлұмат сала министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Спортшылардың жарқын жетістігі

Фото:Turizm jane sport ministrligi

Универсиада: Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиаданың алғашқы аптасында Қазақстан студенттері 11 (3 алтын, 4 күміс, 4 қола) жүлде жеңіп алды.

Семсерлесу: Бахрейннің Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің командалық сайысында Қазақстан құрамасы алтын медаль еншілесе, жекелей сында Ғабиден Мұстафин қола жүлде олжалады.

Әйелдер күресі: Францияның Ницце қаласында Henry Deglane Гран При турнирінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 кг) және Гүлдана Бекеш (59 кг) топ жарды.

Үстел теннисі: Тунисте WTT Youth Star Contender Tunis турнирінде Алан Құрманғалиев қола медаль иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Шебер дәнекерлеуші

Еңбек • Кеше

Мал баққанға бітеді

Еңбек • Кеше