Қоғам • 21 Қаңтар, 2025

Кәсіби менеджер спортты өрге сүйрейді

224 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы спорт менеджментінің көшбасшыларын даярлау мәселесіне арналған VISION 2025 іс-шарасын ұйымдастырды. Басқосуға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, спортты дамыту дирекциясы, спорт федерациялары, отандық, шетелдік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы өкілдері, спорт саңлақтары, EMBA бағдарламасының түлектері қатысты.

Кәсіби менеджер спортты өрге сүйрейді

Суретті түсірген – Бірлік АЗАМАТ

Жаһандық тәжірибеге үңілсек, спортта үздік нәтижеге қол жет­кізіп жүрген елдер реформа­ны спорт менеджментін, саладағы ғылым-білімді дамытудан бастайды. Цифрландыруды игеру, жаңа технологияларға иек арту табысқа жеткізеді. Осы тұрғыда Туризм және спорт министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, салаға білікті басшы, тәжі­рибелі маман даярлауға ба­сымдық беріп отыр. Executive MBA (EMBA) Sport Management бағдарламасы – спорттағы сан салалы жұмыстың бір бағыты. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бағдарлама түлектеріне диплом тапсырды.

– ЕМВА бағдарламасы бойынша оқып, тәжірибесін арттырған мамандарға табыс тілейміз. Бұл – спорт менеджментін, спорттағы ғылымды, спорт медицинасын дамыту мақсатында жасалып отырған маңызды қадам. Спортшыларымыз жаһандық деңгейде табысты өнер көрсетсін десек, әлемнің озық тә­жі­ри­белерін, бағдарламаларын жан-жақты үйреніп, игергеніміз жөн. Қазірде спорт ғылымы ауадай қажет бағыт. Ертең академия тү­лек­тері спорттың әр бағытында өз тәжірибесін қолданады. Акаде­мия­да бакалавратында денешы­нық­тыру мұғалімдерінен бастап, спорт түрлеріне жеке-жеке маман­дан­ған жаттықтырушылар оқиды. Келе­шекте бокс, күрес, хоккей, дзюдо, футбол, тағысын-тағы спорт түрлері бойынша арнайы маман даярлайтын оқу орындары көбеюге тиіс. Спорт ғылымы, спорт менеджменті, спорт медицинасына озық мамандар қажет. Сонда ғана ел спортының әлемдік аренада бәсекеге қабілеті артады, деді Е.Мырзабосынов.

Халықаралық серіктестермен бірлесіп әзірленген ЕМВА бағдарла­масы спорт менеджерлерінің әлеуетін арттыруға, жаңа сатыға көтеруге көмектеседі. Спорт меке­ме­лерін басқарудың жаңашыл әдіс-тәсілдері салаға бірте-бірте енгізіледі. Саясат Нұрбек осы жөнін­де кеңінен айтып берді.

– Қазір спорт саласы дамып жатыр. Бірақ бізде кәсіби менеджерлер аз. Спорт – кешенді сала, оның бағыттары спорт медицинасы, спорт менеджменті, спорт фармакологиясы болып жалғаса бере­ді. ЕМВА бағдарламасы арқылы шетелдік университеттермен байланыс орнаттық. Басшы кадрлар­дың шетелде тәжірибе алмасуына көңіл бөлінді, оқу бағдарламалары пысықталды. Осы арқылы спорт федерациялары, ұлттық құрамалар кәсіби маманданған менеджерлермен толығады. Қазір ұлттық спорт қарқынды дамып жатыр, федерациялар құрылды. Спортшыларды халықаралық деңгейге шығару деген тіптен бөлек жұмыс. Осы тұрғыда спорт саласына менеджер даяр­лау, спорттық медицинаны дамыту аса маңызды. Биыл желтоқсанда Ұлттық спорт университеті ашылады деген ақжолтай хабарымыз бар. Университетте спорт медицинасы, спорт фармакологиясы, спорттағы ғылым сынды бағыттар қамтылады, деді С.Нұрбек.

Дене шынықтыру және бұқара­лық спорт академиясында оқу­ға Ғылым және жоғары білім ми­­нистрлігі жыл сайын грант қарас­тыра­ды. Бұдан өзге, Шә­кәрім уни­вер­­ситетінде Польшаның үздік эко­­но­­мика және спорт менед­жерл­ерін даяр­лайтын универ­ситеті­нің фи­­лиалы ашылған. Яғни жо­ғарыда айт­­қан­дай, ЕМВА – спорт­ты дамы­ту­ға ар­налған бағдар­лама­лар­дың тек бір бағыты ғана. Бағдар­лама­мен бір жыл оқып, диплом алған түлек­­тердің бірі, Ақтөбе қаласының тұр­­ғы­­ны, самбодан, әмбебап жекпе-жек­тен әлем чемпионы Раиса Байлиева:

– Бапкерлікпен жастайымнан айналысамын. Кәсіби спортпен ұзақ жыл айналыстым, құқық қорғау саласында жұмыс істедім, қоғамдық жұмыстарға араластым. Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының арқасында EMBA бағдарламасы бойынша оқыдық. Оқу барысында көп нәрсені үйрендік. Швеция, Польшаға барып, шетелдік тәжірибемен танысып қайттық. Қазір Ақтөбе қаласындағы №1 мектепте дзюдо, самбо үйірмесінен сабақ беремін. Балаларды бұқаралық спортқа баулуға күш салып келеміз. Осы жылдар аралығында самбо, әмбе­бап жекпе-жектен әлем, Азия чем­пионатының жүлдегерлерін тәр­биеледік. Қазір мектепте 45 бала спортпен шұғылданады. Келешекте спортпен мықтап айналысып, үлкен жетістікке жететін балалар шығады деп үміттенеміз, – дейді.

Астанадағы Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы 2021 жылы Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы негізінде ашыл­ған. Қазір денешынықтыру педа­гогтерін, спорт түрлері бойын­ша жат­тықтырушыларды, спорт менед­жерлерін, спорт психолог­тері мен саланың басқа да кадрларын даяр­лайды. Мұнда бакалавриатта, ма­гист­ратурада оқуға мүмкіндік бар.

Оқу орнының академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Тұрсынзада Қуанғалиева академияда спорт менеджментіне 150-ден астам адам оқып жатқанын айтты. Осы жолы 39 түлек дип­лом алса, басқасы бағдарламаны жыл соңына дейін аяқтайды. Айта кетерлігі, олар спорт сала­сындағы түрлі ұйымдардың, министр­ліктің топ менеджерлері. EMBA бағ­дарламасы басшыларға көшбас­шылықты, стратегиялық жоспарлауды, қаржыны тиімді басқаруды үй­ре­туге арналған. Академия осы қос дип­ломды бағдарламаны әзір­леу мақ­сатында Польша, Бел­ьгия, Фран­циямен байланыс ор­нат­қан. Бағдарлама бизнес бағы­тына жақын болғандықтан, мемлекеттен грант қарастырылмаған. Әр адам оқу ақысын өз қалтасынан төлейді. Академия тек шетелдік тағы­лым­даманы қаржыландырады. 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03