Оқиға • 21 Қаңтар, 2025

Сарыөзектегі сарбаз өлімі: Министрлік түсініктеме берді

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 қаңтар күні Жетісу облысы Сарыөзек гарнизонында оқу-жаттығу кезінде сарбаз Дастан Құрманбек мерт болған еді. Осы оқиғаға байланысты Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Сарыөзектегі сарбаз өлімі: Министрлік түсініктеме берді

Фото: Қорғаныс министрлігі

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын айтты. 

«Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша қазаның ықтимал себебі қолбасшылықтың қарамағындағы жеке құраммен жұмыс істеуде жекелеген олқылықтардың болуы мүмкін деген тұжырым жасадық. Қолбасшылық Дастанның ішкі алаңдаушылығын уақытында байқай алмады, яғни оған моральдық және психологиялық қолдау көрсетіп, әскери қызмет жағдайына бейімделуін анықтай алмады», деді ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы.

Мереке Көшекбаевтың айтуынша, 8 қаңтар күні қатардағы жауынгер Дастан Құрманбек туралы ақпарат алған. Содан соң бөлім командирі онымен жеке әңгімелескен.

«12 қаңтарда ата-анасы бөлімге келді және телефонмен сөйлесті. Қолбасшылық Дастанды босатты, яғни күні бойы Дастан ата-анасымен бірге болды. Әскери ұжым ішіндегі, оның ішінде офицерлер, сержанттар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты ешқандай проблемалар болған жоқ. Тергеу мүддесіне сәйкес оқиғаның егжей-тегжейін айта алмаймын», деді Мереке Көшекбаев.