Оқиға • 29 Қаңтар, 2025

Павлодарда 74 жастағы әжей мас күйде көлік жүргізген

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған азаматша И.-ге қатысты істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда 74 жастағы әжей мас күйде көлік жүргізген

Фото: Ашық дереккөз

Анықталғандай, өткен жылдың желтоқсан айында 1951 жылы туған азаматша «Тойота» көлігін мас күйінде басқарған. Сот отырысында зейнеткер өзінің құқық бұзғанын мойындаған.

Аталған деректің мән-жайы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық сараптама актісімен және бейнежазбамен расталған.

Сот азаматша И.-ді ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.