Айбын • 01 Ақпан, 2025

Ғасыр жасаған соғыс ардагері

100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында тұ­ра­тын Екінші дүние­жү­зі­­лік соғыс ардагері Васи­лий­ Васильевич Ма­киен­ко 99 жасқа толған туған кү­нін атап өтті. Ерлік пен адал­дықтың, Отанға деген шек­сіз сүйіспеншіліктің жар­­қын үлгісі болған та­рих­­­тың тірі куәгерін құт­тық­­тауға қала әкімі Серік Мұхамадиев арнайы келді.

Ғасыр жасаған соғыс ардагері

Шаһар басшысы өз сөзінде Василий Васильевич сияқты тұлға­лар еліміздің мақтанышы екенін, олардың арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жет­кіз­генімізді атап өтті. Ардагерге естелік сыйлықтар табыс­тап, соғыс кезіндегі және елді соғыс­тан кейінгі дамытудағы ерен еңбегі үшін алғыс айтты.

Ұлттық ұлан академиясының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Ерден Балғымбаев та соғыс ардагеріне өзінің жылы лебізін біл­діріп, сыйлығын тарту етті. Арда­гердің өнегелі өмірі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, оның ерлігі ұрпақтың отаншыл болып өсуіне ықпал ететінін атап өтті.

Василий Макиенко 1926 жылы 24 қаң­тарда Солтүстік Қазақстан облы­сы Волошинка ауылында дү­ние­ге келген. 1943 жылы Қазан ауда­нының әскери комиссариаты арқы­лы май­данға шақырылып, әс­кери жолында 44-атқыштар пол­кінде, 142-атқыштар полкінде және 317-гвардиялық атқыштар пол­кінде қызмет етеді. Соғыс кезінде ІІ дәре­желі «Отан соғысы» орденімен, сон­дай-ақ «Кенигсбергті алғаны үшін»,  «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.

Соғыстан кейін Василий ­Ва­си­­лье­­вич бейбіт өмірдегі ең­бек жо­­лын бас­тады. Ол су құбыры жүйе­сінде жұмыс істеп, кейін техника­лық жабдықтау өндірісін басқару бас­қар­ма­сы басшысы­ның орынба­сары ­бо­лып 13 жыл қызмет атқарды. ­1960 жы­лы зейнетке шықты.

Бүгінде ғасырға тақаған жасы­на қарамастан, ардагер әлі де тың. Туған-туыстарының ортасында, төрт қыздан сегіз жиен, алты шө­бе­ре сүйген бақытты ата. Оның ел үшін еткен еңбегін тек Петропавл жұрт­шылығы ғана емес, бүкіл Қазақ елі мойындап, мақтан тұтады. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15