
Фото: icloudhospital.com
Қадам арқылы денсаулықты жақсарту ісін зерделеп жүрген эпидемиолог Мэтью Ахмади күнделікті жүру жүрек-қан тамыры ауруларының қаупін кем дегенде 20 пайызға төмендететінін айтады.
Олар жүргізген зерттеуге 72 000 адам қатысқан. Осы тәжірибені жүзеге асырушылардың бірі Нью-Йорк штаты Манхассеттегі Фейнштейн медициналық зерттеулер институтының физикалық жаттығулар жөніндегі маманы Эшли Гудвин 2 мың қадамнан жедел 10 мың қадам жасаудың қажеті жоқ екенін атап өтті.
Ол өзінің зерттеуінде қатысушыларды күнделікті орташа қадам санын 1 000 қадамнан көбейтуге шақырған. Бұл тәсіл тиімділігін 2020 жылы жүргізілген 17 зерттеуде де дәлелденген. 1 000 қадамнан үздіксіз қосып отыру жүрек аурулары мен өлім қаупін келесі 4-6 жыл ішінде азайтуға септескен.