Өнер • 06 Ақпан, 2025

Альтист

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәстүрлі альт музыкасына арналған концерт өтті.

Альтист

Мәдени іс-шара еліміздің та­нымал аль­тис­ті, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан альт мектебінің негізін қалаушы Яков Фудиманды еске алуға арналды.

Музыка кешіне Я.Фу­диманның шәкірттері, музы­канттар мен альт жанрын сүйіп тың­дау­шылар жиналды. Айта кетейік, Яков Фудиман – музыка саласында мол мұра қалдырған өнер иесі. Сондай-ақ ол 150-ден астам шәкірт тәр­биелеген үлкен мектеп қалыптастырды. Олардың қатарында мәдениет са­ласының еңбек сіңірген қайраткерлері, халық­ара­лық байқаулардың лау­реаттары, жетекші педагогтер мен әртістер бар.

Еске алу кеші маэс­троның еліміздегі альт өне­рін дамытуға қосқан зор үлесін айшықтаған ерекше мәдени іс-шараға ұласты.