Жәдігер • 07 Ақпан, 2025

Қарақабадан шыққан хас батыр

81 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясында қимақ жауынгер-музыкантының жинақталған материалдық бейнесі көрермен назарын бірден өзіне аударады. Батырдың бұл мүрдесі 2015 жылдары Қарақабадағы қазба жұмысынан табылған.

Қарақабадан шыққан хас батыр

Музейдің төрінде тұрған батыр бейнесі – этнограф, қарутанушы, су­ретші Қалиолла Ахметжанның туындысы. Костюм мен қару-жарақ жинағының заттық реконструкциясы ортағасырлық көшпелі халықтың киім үлгісіне барынша жақын жасалған. Бас киім, құрама белдік, қылыш, садақ, қалқан мен жебелер, қаптан, шалбар, етік, домбыра – қимақ жауынгер-музыкантының кескін-келбетін аша түскен.

Тарқатып айтсақ, жауынгер-музыкант Катонқарағай ауданының Қарақаба жазығында профессор Зейнолла Са­машевтің жетекшілігімен жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарында табылды. Бұл қорғандар ерте орта ғасырларға, дәлірек айтқанда, VIII-IX ғасырлардағы қимақ мәдениетіне жатады. Сондай-ақ ескерткіштер өңірдің ерте ортағасырлық халықтарының мәдениетін сипаттайды. Олар Орта Азияның көрші халықтарымен тығыз этностық және мәдени байланыста бол­ғанын дәлелдейді.

«Қимақ жауынгерінің бейнесін заманауи қалыпқа келтірмес бұрын жерлеудің этнографиялық ерекшеліктері терең зерттелді. Ежелгі түркілер дәуірінің жерлеу рәсімдеріне тән ерекшеліктердің бірі – марқұммен бірге жерленген атты қабірдің кіреберіс түбіне қойған. Ал әбзелдерін марқұмның аяғының астына, жерлеу шұңқырының төменгі жағына орналастырған», дейді музей қызметкері Шұғыла Меделбек.

Қарақабада қазылған төрт жерлеу орнының үшеуінде үш түрлі құ­ры­лымдағы музыкалық аспаптар та­былған. Катонқарағай өңірінен та­былған музыкалық аспаптардың түрлері Моңғолия Алтайында да кездескен. Сондай-ақ Украина аумағындағы қып­шақ қорымдарынан да табылған.

Жалпы, қазіргі уақытқа дейін белгілі болған қимақ ескерткіштері негізінен өзен бойларында орналасқан. Ал Қарақаба аңғарындағы қорғандар теңіз деңгейінен 1 700–2 000 метр биіктікте б.з.д. VIII ға­сырда өмір сүрген «таулық қи­мақтар» атты жергілікті этно­гра­фия­лық топтың болғанын болжауға негіз бар.

 

Шығыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15