
Фото: Алматы облысы ПД
«Lada Largus» жүргізушісі «Қарасаз-Сарыжаз» тасжолының 5-шақырымында қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Lexus LХ470» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Lada Largus» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Тағы да екі жолаушы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілген.
Өңірлік полиция жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, рөлде мұқият болу және қауіпті маневрлерден бас тарту қажеттігін ескертеді.