Әлем • 10 Ақпан, 2025

Қазақ халқынан кешірім сұраған әнші жауапқа тартылды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚКК) 2025 жылдың қаңтарында қазақстандық YouTube-арналардың біріне сұхбат берген және ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелерге жол берген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ халқынан кешірім сұраған әнші жауапқа тартылды

Фото: ашық дереккөз

Қырғыз бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, сұхбатында қазақ халқынан «Кенесары ханның өлімі үшін» кешірім сұраған әнші Қайрат Примбердиев жауапқа тартылып жатыр. Оның бұл сұхбаты желіде дау-дамай тудырған.

Әнші «Кенесары ханның басын еліне қайтарып, қазақ халқының алдындағы айыбымыздан арылу керекпіз», деп айтқан еді. 

13 қаңтарда әнші кешірімді қырғыз халқының атынан емес, тек өзінің атынан сұрағанын айтып бейнеүндеу жазған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50