Жәдігер • 11 Ақпан, 2025

Ежелгі арулардың әшекейі

65 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ертіс бойын мекендеген ежелгі ата-бабаларымыз бас киімнің әшекейлеріне ерекше мән бергені байқалады. Бір шетіне ұзын бұрымын таңып қойған арулардың баскиімі («бокка») көрген жанды таң-тамаша етпей қоймасы анық.

Ежелгі арулардың әшекейі

Суреттерді түсірген – автор

Потанин атындағы та­рихи-өлкетану музейінде таза күмістен жасалған бокка әше­кейі сақталып тұр. Үлбіреп қана тұрған ежелгі бас киімді 1959 жылы отандық археологі Фирая Арсланованың экспедициясы қазіргі Павлодар облысы Ақтоғай ауданының аумағындағы қазба жұмысы кезінде тауыпты. Экспедиция шамамен XIII-XIV ғасырларға тән обадан ақсүйек әйелдің жерленген орнын анықтайды. Зерттей келе таза күмістен жа­салған бокка әшекейін, айна және ат әбзелдерін қазып шығарады.

па

 – Мұндай шошақ пішінді бас киімдер сонау бағзы замандардан-ақ сәнді болған. Оны әсіресе, Ертіс пен Обь өзендері аралығындағы жерлеу ескерткіштерінен, Моң­ғолия жерлерінен табылған алтын қапсырма әшекейлерден көруге болады. Әшекей бас киім өрілген бұрымды жо­ғары көтерген немесе басқа да әдіспен бас киімге байлаған. Сол арқылы адам бейнесін еңселі етіп көрсеткен. Жал­пы, мұндай бокканың негі­зін киізден тігіп, сыртына осындай тұтас күміс кигізген. Орта ғасырларға тән обалардан табылған бұл бас киімнің ең әуелі жергілікті зергерлік дәстүрге сай жасал­ғаны байқалады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бокка иесі қимақ-қыпшақ тайпа бірлестіктерінің нәсілінен шыққан әйел адам болған, дейді өңірлік Потанин атын­дағы тарихи-өлкетану музейі өлке тарихын ғылыми қамта­масыз ету бөлімінің басшысы Гүлжанат Әлиева.

пр

Ғалымдардың сөзінше, бокка кезінде әртүрлі мате­риалдан жасалыпты. Кей жағ­дайда қайыңның қабығын да пайдаланған. Бас киімнің шеттерін әртүрлі тастармен зерлеп, әсемдеген.

Атап өтерлігі, Ақтоғай жеріндегі ежелгі обадан та­был­ған күміс айна да ерекше үлгіде жасалған. Айнаның сырт жағында 12 аңның бей­несі бар. Г.Әлиева бұл жыл са­науы­мыздағы он екі мүшелді білдіруі мүмкін дейді.

 

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше