Аймақтар • 11 Ақпан, 2025

Биыл Павлодарда жол апатынан 8 адам көз жұмған

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертіс-Баян өңірінің аумағында жыл басынан бері 79 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 114 адам жарақат алып, 8 адам қаза тапты.

Биыл Павлодарда  жол апатынан 8 адам көз жұмған

Фото: qazaqstan.tv

Тәртіп сақшылары жол-көлік апатына көп жағдайда жаяу жүргіншілер кінәлі болатынын айтады. Адамдар бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан немесе жолағы жоқ жерден жолды кесіп өтеді.

«Жаяу жүргіншінің қызыл шамға қарамай жолды қиып өтетіні, рұқсат етілмеген аумақтардан жүгіріп өте шығатыны көп жағдайда көзге түседі. Көліктер жиі жүретін көшелерде бұл аса қауіпті жағдай. Жолдан өту кезінде жаяу жүргіншілер жолдың қос қапталына қарамайды. Телефондарынан көз алмай бара жатқан немесе үнемі құлаққаппен жүретін жолаушылар қауіпті аса елей бермейді. Мұндай жаяу жүргіншілер айналадағы жол қозғалысын байқай алмайды, ал құлаққап таққандар жүргізушілердің дабыл белгісін де, тежегішін де естімейді», деп ескертті өңірлік полиция департаментінен.

Полицейлер кез келген жолдан өту кезінде жүргіншілерге сергек әрі сақ болуды ескертеді.

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15