Әлем • 12 Ақпан, 2025

Маск НАТО-ны толығымен қайта құруға шақырды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың үкімет тиімділігі департаментінің әкімшісі Илон Маск НАТО-ның әбден ескіргенін және оны қайтадан жаңғырту керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маск НАТО-ны толығымен қайта құруға шақырды

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ол сенатор Майк Лидің Х-ке жазған постына жауап ретінде жазды.

Бұған дейін Маск АҚШ-тың трансатлантикалық бағыттағы саясатын бірнеше рет сынға алып, Еуропаның қорғаныс шығындарын азайтуға шақырған еді.  

Мұның алдында Дональд Трамп НАТО одақтастарынан қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 5% - на дейін арттыруды талап еткені және АҚШ-та өнім шығармайтын компанияларға баж салығымен қорқытқаны туралы хабарланған болатын.