Спорт • 13 Ақпан, 2025

Азиада-2025: Биатлоншы ерлер – күміс жүлдегер

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Харбин-2025 Азиадасында биатлоннан соңғы жүлде жиынтығы иелерін тапты, деп жазады Egemen.kz

Азиада-2025: Биатлоншы ерлер – күміс жүлдегер

Фото: @sportqazaq

Қазақстан ерлер командасы (Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев) эстафетада 1:25:18.7 көрсеткішімен мәреге екінші болып жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Алтын медальді Жапония (1:24:20.4) алса, үздік үштікті Қытай (1:25:32.7) түйіндеді.