Үкімет • 14 Ақпан, 2025

Әлеуметтік нысан құрылысына қаржы бөлінді

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жұмысын жалғастырып жатыр.

Әлеуметтік нысан құрылысына қаржы бөлінді

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкіметтен Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлінді. Бұл азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.

Сонымен қатар «Заңсыз ием­денілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңда көзделген субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астана қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр.