
Фото: Primeminster.kz.
Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерген.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2023 жылы 29 наурызда полицей туысының пәтерінде ер адамды азаптап, тәніне зақым келтірген.
Екі тәртіп сақшысының кәнісін мойындауы ескеріліп, оларды 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар пробациялық бақылауға алынды.
Сонымен қатар, оларға тиесілі арнаулы атақтары күшін жойып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Осындай олқылыққа жол беріп, қарамағындағыларды бақыламағаны үшін 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.