Аймақтар • 17 Ақпан, 2025

Түркістан облысында 40 отбасы баспаналы болды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ауданға іс-сапармен барған облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысында 40 отбасы баспаналы болды

Аталған үйлердің құрылысы былтыр наурыз айында басталған болатын. Жалпы облыс құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында 14 мыңнан аса отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде, коммуналдық тұрғын үймен 7 567 отбасы, ал «7-20-25» және «Отбасы банк» бағдарламалары арқылы 6 594 отбасы ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

аа

Яғни жылына шамамен коммуналдық тұрғын үй қорынан және түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы 2 200-ге жуық пәтер табыс етілген. Өткен жылдың өзінде өңір тұрғындары 1174 коммуналдық және 977  ипотекалық үй алған.